Бразилияда 13 жасар оқушы мектепке келіп сыныптастарын атып өлтірді

Бразилияның Гояния қаласында жеке мектептің оқушысы сыныптастарына оқ атқан. Полицияның айтуынша, кемінде төрт адам жарақат алды, екеуі қайтыс болды. Дәрігерлер үш құрбанның ауыр жағдайда екенін хабарлады.

Бразилияда 13 жасар оқушы мектепке келіп сыныптастарын атып өлтірді
Сурет: @portalf4

Шабуылшы 13 немесе 14 жаста, ол 8 сыныпта оқиды. BBC агенттігінің айтуынша, оның ата-анасы полицияда жұмыс істеген. Жасөспірім өз ата-анасының қаруын қолданған.

Куәгерлердің айтуынша, оқ ату дәл сыныпта болған. Жасөспірім бірнеше рет оқ атып, мылтықты қайта оқтай бастаған, бірақ оны басқа оқушылар мен мұғалімдер тоқтата алған. Студенттердің бірі атап өткендей, жасөспірім ату үшін нақты біреуді дәлдемеген, тек оқушылар тобына қарай атқан.

Жасөспірім тұтқындалды. Куәгерлердің біреуі басқа сыныптастар оны үнемі масқаралап, дезодорантты пайдаланбағандықтан, оны «сасық» деп мазақтаған.

Ақпарат көзі: www.bbc.com

Оқиға жайлы өз пікірлеріңізді төменде қалдыра аласыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *