Жаңа үйге қонғысы келмеген оқушы үйді жарып жіберген

Германияның Велен қаласының 18 жасар тұрғыны анасының жаңа үйін жарып жіберген соң қамауға алынды.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, әйелдің ұлы үйдің айналасына бензин құйып, оны өртеп жіберген. Соның нәтижесінде бес пәтер мен екі дүкен жойылған.

Жаңа үйге қонғысы келмеген оқушы үйді жарып жіберген

Өртті сөндіру үшін төрт ауданнан 65 өрт сөндірушілер жіберілді. 65 жастағы әйел көмірқышқыл газымен уланды.

Қылмыскер, оны көрген көршілер арқылы табылды. Ұсталған кезде ол қылмыс кезінде қайда болғанын түсіндіре алмады. Енді оны әдейі кісі өлтіруге әрекеттену, өртеу, және жарылыс жасау істері бойынша айыптауда.

Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *