КХДР солдаты бірнеше жарақат алып Оң. Корея шекарасына қашып шықты (Бейнетаспа)

АҚШ КХДР жауынгері Оңтүстік Корея шекарасына қашып шыққан бейнені жариялады. Оқиға 13 қарашада болған, бірақ бейне 21 қарашада ғана жарияланды. Бейнероликтің басында жауынгер әскери джипте Оңтүстік Корея шекарасына қарай басып келеді, одан кейін жаяу көліктен түсіп шекараға жүгіреді. Екі мемлекет арасындағы демаркационды шекараға жеткенде ол бірнеше жарақат алады.

Солдат шекараны кесіп өткеннен кейін оны Оңтүстік Корея жауынгерлері көтеріп, верталетпен медициналық ғимаратқа қарай алып кетті.

БАҚ-тың хабарлауынша, КХДР-нің әскери қызметкері алты ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оның денесіндегі паразиттік құрттарды тапқан, олар нашар гигиена мен тамақтану себебінен пайда болған. 21 қараша күні ол есіне келіп, онда ауруханада сауығуды жалғастырды.

Сурет: Жарақатталған жауынгер госпитальге жеткізілуде. bbc.com

 

Ақпрат көзі: bbc.com

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *