Макдональдс кассиры унитазда туып баланы ағызып жібермек болған

25 жасар Сара Джейн Редвуд қаласында McDonald’s кафесінде кассир болып жұмыс істеген. Оқиға туралы fox25boston.com газеті хабарлады.

Макдональдс кассиры унитазда туып баланы ағызып жібермек болған
Сурет: fox25boston.com

4 қыркүйек түнгі сменде ол өзін нашар сезінген, қыздың асқазаны ауырып, ол кафе қызметкерлеріне арналған дәретханаға бірнеше рет барған.

Басқа кассир неге оның дәретханаға бара беретінін тексеруге барғанда, ол дәретханада қанға тап болған.

Әйел бұл жәй ғана қыздық уақыт екенін айтып алдауға тырысты.

Алайда қалған кассирлер келіп, қыздың құлыптаулы тұрған дәретханасының ішіне қарағанда, олар унитазда тұншығып жатқан нәрестені көрген.

Әйел куәгерлерден полицияға қоңырау шалмауды сұрап, оларға өзінің жүкті екенін білмегенін айтқан.

Оны ешкім тыңдамаған. Полиция келгенде, бала демсіз болған. Палицейлер баланы жазып есіне келтіре алған. Бірақ болған қасірет, өскенде оның денсаулығына қалай әсер ететіні белгісіз.

Бала ауруханасында, және оның ден саулығы жағымды қалыпта.

Қазіргі уақытта Әйел балаға қатыгездік жасауға және денеге жарақат тигізуге байланысты айыпталды. Әйел тұтқынға алынынып 11 миллион доллар айыпбұл салынды.

Дереккөз: fox25boston.com

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *