Нарманбет Орманбетұлы қазақша реферат шағарма

Нарманбет Орманбетұлы қазақша реферат шағарма

Нарманбет Орманбетұлы (1860—1918) іс-тірліктерімен жетістіктерімен артына із қалдыры. Ол өз заманының қаһарына ұшырап, уақыт өте келе ұрпақтарға атағы ұмытылып келді. Ақын туралы деректер 1990 жылдан бастап жариялана бастап жарияланды. Нарманбет Орманбетұлы Қарқаралы уезіндегі 22 болыс елді аузына қаратқан Қотан-Балқаш болысының ең беделді, әділетті болысы болғаны жайлы деректерден ақынның есімі белгілі болды. Содан бері ақындық, шешендік өнерімен аты шыққаны жайлы деректер ұрпақтарға таным болды. «Қазақтың бейқамдығы, момындығы, кеңпейілдігі, бөгде елдер пайдасына түседі-ау» деген сезімдер Нарманбет секілді кеңжанды ақынның іш дүниесінде пайда болады. Болашақты сақтап қалудың жолы үлкен еңбек пен білімдік екенән түсінген ол, халықты оятуға тырысып, оны білім еске шақырады. Ақынның ұлағатты сөздері бүгін де мән-мағынасын жоғалтпайды.

Дала мектебінен нәр алған, Қарқаралы — Семейде білімін шыңдаған, ұлы Абаймен қатар жүріп, өнегесін үлгі еткен Нарманбет  ақынның:
Адамға абырой мен бірлік керек,
Ұят, нысап, намыс пен тірлік керек.
Ғылым, білім, ілгері басуға ойла,
Еңбек қып ерінбестен болып зерек.
Болмайды тағдыр ісін қалай деуге,
Ақ соқпақ адастырмас талай жерге.
Жақсылар, істі түзет, жұртты күзет!
Біріңді-бірін шауып тастай берме… — деген өсиет сөздері бар.

«Соншалықты адалдығынан Нарманбетті ел ішінде пірәдар деп атаған. «Пірәдар» деген сөз екі дүниенің адалдығы ғой» – деген еді ақынның немересі марқұм Дана Шәріпова.

«Қарқаралыны билеп тұрған Нареке» деп ерекше қадірлеген ояз:

— Нареке, Сіз шешен, тапқыр адамсыз. Мен Сізге төрт сұрақ қояйын. Соны шешіңіз, халқыңа өсиет болсын:

— Ақсауыт дегеніміз не? Арғымақ дегеніміз не? Ақылды дегеніміз не? Ер жігіт дегеніміз не? — деген екен. Сондағы Нарманбеттің: «Ақсауыт деп айтыңыз – атқан жаудың оғы өтпесе, арғымақ, деп айтыңыз — қашқанда жаудың аты жетпесе, ақылды деп айтыңыз – тозған елдің басын қосып септесе, ер жігіт деп айтыңыз — жолдасын жауға тастап кетпесе»,  — деген ел аузындағы жауабын Елемес Құдышұлы деген ардагер айтып берген еді.

Нарманбеттің өмірін, шығармашылық мұрасын зерттеген Амангелді Туғанбаевтың еңбегі маңызды дерекетер бер.

Қарқаралыда сот болған Нарманбет, 1918 жылдың тамызында кенеттен қайтыс болған. Бижанның Қасені ақынның сүйегін жас жылқының терісіне дәрілеп орамалдам, бір түнде Қарқаралыдан Қарасуға жеткізеді. 1919 жылы Нарманбетке берілген ас – Қазақстанда өткен соңғы ірі ас. Ақынды еске алу 1991 жылдың тамызында туылған жері Қарасуда үлкен салтанатпен атап өтілген. Осы үлкен істі қолға алып ұйымдастырған бұрынғы Тоқырауын аудынының әкімі, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер Байыз Төлебайұлы  Мейірмановтың  шақыруымен Жәнібек  Кәрменов, Мағауия Хамзин,  Серік Негимов,  Шымболат Ділдебаев сынды қазақтың белгілі азаматтары келген еді. Ақындар айтысы, аламанат жарысы, түрлі ойын-сауық өткізілген.

Ақтоғай елі бас қосып Нарманбет ақынды еске алған. Оның мазарына мәрмәр тастан ескерткіш қойылыл ескерткішті жасаған Бекмұрат Бегдаров. Бұрынғы XXII партсъезд атындағы совхоз «Нарманбет ауылы» деп өзгертілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *