Фритьоф Нансен туралы мәлімет

Фритьоф Нансен туралы мәлімет

Ғалым және саяхатшы — Фритьоф Нансен

Арктиканы зерттеумен танылған норвег Фритьоф Нансен (1861-1930 ж.ж.) сапарға шықпас бурын бөрін егжей-тегжейлі ойластырып алатын. Тарих-та алғаш рет Гренландияны кесіп өтуге әзірленіп, ол жеңіл шаңғыларды, жұмсақ шаналарды, қолайлы киімдер ойлап тапты және шыңылтыр аяздың өзінде ас қамдауға болатын ыдыстар жа-сап шығарды. Шаңғы мен иттер көсем жегілген шанамен ол Гренландияның оңтүстік бөлігін кесіп өтті.

Нансен асау муздармен арпалысып, Солтүстік полю-ске аттануға шешім қабылдады. Бұл үшін ол желкені және бу қозғалтқышы бар қарапайым ғана «Фрам» кемесін құрастырды. Кеме муз сығымдап қыса бастағанда, қақ бөлінген жүмыртқаға ұқсайтын дөңгелек пішінінің арқасында жоғары шығып кететін. Нансен: «Біз жер осінің солтүстік шегін қурайтын математикалық нүктені іздеу үшін кетіп бара жатқан жоқпыз; полюсті қоршап жатқан жер шарының зерттелмеген ауқымды бөлігіне бақылау жүргізу үшін бүл нүктені табудың қажеті аз».

Шхуна Челюскин мүйісін айналып өтті және 1893 ж. 25 Қыркүйегінде үлкен жүзбе мүзға жабысып қалды. Нансен қосынының аңызға айналған мүзбен арпалысы 78*50 с.ш. ендікте басталды.

Алайда мүз оңтүстікке қарай ғалым есептегеннен де әрі жылжи түсті. Нансен кеменің полюстен жырақтап бара жатқанын үққан сәтте ол көздеген жеріне ит жеккен шанамен жетуді шешті. Оған 86*14 с.ш. ендікке дейін қозғалудың сәті түсті (сол кездегі рекордтық көрсеткіш), бірақ кейіннен Франц-Иосиф жерінде қыстауға тура келді. Нансен Арктикада үш жылын өткеріп, үйіне ағылшын полярлық қосынымен бірге оралды.

Нансеннің сапары Солтүстік Мүзды мүхиттың орталық бөлігінің сырын ашты. Ол жерде не жоқ дерсің — алып жанар-таудан мүзда жоғалған қүпиялы Гиперборей еліне дейін бар! Мүнда 3000 — 3840 метр тереңдіктегі теңіз алабы орналасқан деген түжырым жасалды.

Нансен мұзға салынған ғылыми бекеттерді пайдаланып, Солтүстік полюс аудандарын зерттеу идеясының иесі. 25 географиялық нысан оның атымен аталады.

Фритьоф Нансен тек қана саяхатшы емес ғалым — географ, океанограф, зоолог та болды. Ол қоғамдық қайраткер ретінде зор танымалдылыққа ие болды. 1922 ж. оған дүниежүзілік Нобель сыйлығын табыс етті.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *