Солтүстік Америка туралы қызықты мәлімет

Солтүстік Америка туралы қызықты мәлімет

Солтүстік Америка — біздің ғаламшарымыздағы жер көлемінің үлкендігі жөиімен үшіиші қүрлық. Ол 20,36 млн. шаршы км. жерді алып жатыр. Оиыи жағалауын Атлант, Тынық және Солтүстік Мүзды мүхиттарының сулары түрады. Қүрлыққа жақын көптеген аралдар мен топаралдар орналаскан. Олардың ең ірклері — Гренландия аралы жэне Канадалық Арктикалық топарал. Жагалық сызығын көптеген бұғаздар мен түбектер құрайды.

Бұл құрлықтың ашылуы мен зерттелуіне X ғасырдағы викингілердің катысы бор. Кейіжнен, X ғасырда, қүрлықтың шығыс жэне солтүстік жағалауларын ағылшын ДКабот зерттеді. Қүрлықты зерттеуге XVII ғасырда ағылшын Х.Гудзон, XVIII ғаеырда ағылшын А.Макензи және XX ғасырда норвег зерттеушісі Амундсен қатысты. Қүрлықты зерттеуге орыс саяхатшылары да зор үлес қосты. Құрлықтың солтүстік-шығыс бөлігіндегі ауқымды кеңістікті зерттеп игеруге үлес қосқан орыс саяхатшылары — В.Беринг, Г.Шелехов, А.Чириков және т.б.

Қүрлықтың батыс бөлігінде Кордильер тау жүйесі орналасқан. Оның солтүстік беиігіндегі ең биік шыңы — Мак-Кинли (биіктігі 6193 метр). Тау жүйесінің биік жерлерін қар мен мүздықтар жауып тұрды. Бұл тау жүйесі ерекше эдемі: терең ойпаңдар үлкен тау жоталарымен, жанартаулармен жапсарласа орналасқан. Тау жоталарын терең аңғарлар тілімдеп жатады.

Солтүстік Америка туралы қызықты деректер:

Солтүстік Америка туралы қызықты мәлімет

  1. Ауданы ең үлкен мемлекет — Канада (9,9 млн. шаршы км).
  2. Халқы ең көп мемлекет — АҚШ (282 млн. адам).
  3. Ең биік тау — Мак-Кинли (Кордильер тау тізбегі, АҚШ, биіктігі 6194 метр).
  4. Ең биік жанартау — Орисаба (Мексика, биіктігі 5700 метр).
  5. Ең ұзын өзен — Миссисипи (Миссури саласын қосқанда, үзындығы 6420 км).
  6. Ең үлкен көл —Жогаргы (АҚШ, аумағы 82414 шаршы км).
  7. Ең биік сарқырама — Риббон (АҚШ; биіктігі 484 метр).
  8. Ең үлкен арал — Гренландия (2,1 млн шаршы км).
  9. Ең үлкен қала — Мехико (Мексиканың қала маңындағыларды қоса есептегенде 21 млн. адам).

Құрлықтың батыс бөлігінде Кордильер тау жүйесі орналасқан. Оның солтүстік бөлігіндегі ең биік шыңы — Мак-Кинли (биіктігі 6193 метр). Тау жүйесінің биік жерлерін қар мен мұздықтар жауып тұрады. Бұл тау жүйесі ерекше эдемі: терең ойпаңдар үлкен тау жоталарымен, жанартаулармен жапсарласа орналасқан. Тау жоталарын терең аңғарлар тілімдеп жатады. Құрлықтың орталық жэне шығыс бөлігінде жазықтықтар орналасқан. Құрлықтың шығысын онша биік емес Аппалач тау жүйесі алып жатыр. Бұл тау жүйесі өте мұжылған.

Солтүстік Америка пайдалы қазбаларға да бай: жазықтықтың шөгінді жыныстарында мұнай, табиғи газ, көмір қоры мол. Жазықтықтың солтүстік бөлігі металл кен орындарымен (темір, мыс, никель) ерекшеленеді. Кордильер тау жүйесі түсті жэне асыл кендерге, мұнай, таскөмірге бай.

Солтүстік Америкада экваторл ық бел деуден басқа барлық климаттық бел деулер кездеседі. Сондықтан да, оның климатында үлкен айырмашылықтар бар. Құрлықтың солтүстігінде қыста төменгі температуралық жағдай байқалады және бұл кезде бұл аймақта поляр түні болатындықтан күн жылуы жерге жетпейді. Бұл мезгілде көбіне тұман түсіп, аспанды бұлт қаптайды жэне қарлы боран соғып тұрады. Құрлықтың орталығының қысы суық, ал жазы біршама жылы болады. Құрлықтың батыстан шығысқа қарай едәуір аумаққа созылып жатуы үлкен климаттық айырмашылықтың болуына, яғни температураның өзгеруіне, жауын-шашынның мөлшеріне жэне оның жыл маусымдарына байланысты эр түрлі мөлшерде түсуіне үлкен әсер етеді. Құрлықтың оңтүстігінде жыл бойы ауа райы ыстық болады. Жағалауларында жэне аралдарда жауын-шашын көп түседі.

Солтүстік Американың өзендері және фаунасы

Солтүстік Американың ең ірі өзені—Миссисипи (Миссури саласын қосқанда). Едәуір ірі Кордильер-Колорада өзені тау арасындағы ұзындығы 2700 км, ал тереңдігі 1500-1800 м болатын шатқал арқылы ағады. Құрлық көлдерінің көптігімен де ерекшеленеді, әсіресе оның солтүстік бөлігінде көлдер көп. Бұл аймақты соңғы геологиялық дәуірлерде бірнеше рет мұз басқан. Осы өңірдегі ¥лы көлдер тобын ерекше атап өтуге болады. Олар 245,2 мың шаршы км өте үлкен алқапты алып жатқандығымен ерекшеленеді.

Құрлық табиғи белдемдерінің әр түрлілігімен де ерекшеленеді: мұнда арктикалық суық белдемнен оңтүстігінде шөлді белдемге дейін ауысады. Құрлықта қара және ақ шырша, бальзам самырсыны, қарағай, сонымен қатар, әр түрлі жалпак жапырақты ағаш түрлері де өседі. Бұл аймақтың жануарлар дүниесі де сан алуан: күдірқодастар, бизондар, койоттар (шалғындық қасқырлар), түлкілер, аюлар, Сілеусіндер, америка сусарлары, америка скунстері, бұландар және т.б. кездеседі. Солтүстік Американың атақты қылқан жапырақты ағашы — секвойя, оның биіктігі 100 метрден асады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *