Кондор құсы туралы мәлімет: Америкалық  кондорлар мен құмайлар

Кондор құсы туралы мәлімет: Америкалық  кондорлар меy құмайлар

Кондор құсы туралы мәлімет. Америкалық құмайлар мен кондорлар
Америкалық кондор құсы

Кондор құсы мен америкалық құмайлар Солтүстік жөне Оңтүстік Америкада кездеседі. Бұл құстар сұңқартәрізділер тұқымдасына жатады. Олар — өлекселермен қоректенетін құстар. Олардың қоректерінің көп бөлігін өлекселер құрайды. Сонымен қатар олар жемістерді, жұмыртқаларды жөне қоқысты да жейді. Америкалық құмайлардың иіс сезу мүшелері жақсы жетілген. Олар осы қабілеттерін өлексені табу үшін қолданады.

Калифорния кондоры

Кондор құсы туралы мәлімет. Америкалық құмайлар мен кондорлар
Америкалық кондорлар

Калифорния кондоры — Солтүстік Американың ең үлкен ұшатын құсы. Мұның қанаттарының құлашы 2,9 м-ге дейін жетеді. Бұлар аспанда өте жақсы қалықтайды, тіпті бірнеше шақырымды қанаттарын бір-ақ рет қағу арқылы асып өтуі мүмкін. Бұл құс сағатына 88,5 км жылдамдықпен және де 4,6 км биіктікте ұша алады. Калифорния кондорлары Үлкен Каньон аймағында, Зайон ұлттық паркінде және де Калифорнияның батыс жағалау тауларында және де Солтүстік Калифорнияда кездеседі. Барлық басқа құмайлар секілді бұлар да шіріген дене қалдықтарымен қоректенеді. Әдетте, олар ірі қара, қой, бұғы және жылқы секілді үлкен жануарлардың өлекселерін қорек етеді.

Анд кондоры

Анд кондоры — өлемдегі ең үлкен ұшатын қүстардьщ бірі. Мұның салмағы 15 кг-ға дейін жетіп, қанат құлашы 3-3,3 м-дей болады. Басқа америкалық күшігендерге қарағанда Анд кондор-лары тірі жануарларды өлтіріп қорек ете алады.

Америкалық қара құмай

Америкалық қара құмай немесе қара күшіген — қанат құлашы 1,5 м-ге жететін үлкен күшіген. Оны Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-шығысынан Оңтүстік Америкадағы Орталық Чили мен Парагвайға дейінгі аймақтан кездестіруге болады. Барлық басқа құмайлар сияқты бұл қүмайлар өлекселермен қоректенеді. Алайда бұл жаңадан туылған жануарларға да шабуыл жасайды. Америкалық қара құмайлардың үш түрі белгілі, олар: солтүстікамерикалық қара құмайлар, оңтүстікамерикалық қара құмайлар және Анд қара құмайлары.

Король құмай

Король құмайлар Орталық және Оңтүстік Америкада, Мексикадан Аргентинаға дейінгі жерлерде кездеседі. Бұл — құйрығы мен ңанатта-рының ұштары қара, ал қалған жерлері аң түсті болып келетін күшігендер. Оның басы мен мойны сары, сарғыш жөне қызыл түсті, ал көздері сабан түстес болады. Бұл — ең үлкен құмайлардың бірі. Мұның ңанаттарының құлашы 1,2-1,7 м болады. Барлық басқа құмайлар секілді король құмайлар да өлекселермен қоректенеді. Сонымен қатар кей кездері олар балықпен де қоректене береді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *