Америка қалай Америка атанды?

Америка қалай Америка атанды?

Америка қалай Америка атанды?
Америго Веспуччи

XVI ғ. басында Америго Веспуччидің достарына арналып Жаңа Әлемгө сапарлар, оңтүстік елдердің табиғаты, үндістердің түрмысы мен дәстүрлері жөнінде жазылған хаты кеңінен танымал болды. Бүл хаттар Веспуччидің келісімінсіз жарияланып жатты. Сол кезде географ Мартин Вальдземюллердің кітабы да жарық көрді. Бүл еңбекте Батыс жартышар картасында «Беймәлім Мекен» және «Аме-рика» деп аталатын бөліктердің жалғасқан мойнақтарынан түратын Жер бейнеленген еді. Жаңа қүрлыққа Америго Веспуччидің есімін бере отырып, Вальдземюллер Колумб Шығыс Азияны зерттеді, ал Веспуччи экватордың қос жағына қарай созылып жатқан алып жаңа қүрлықты ашты деген түжырым жасады. Кейінірек Герард Меркатордың (1512-1594 ж.ж.) картасында алғаш рет «Солтүстік Америка» және «Оңтүстік Америка» деген атаулар пайда болды. Жаңа Әлем құрлықтарының аттары осылай туындады.

Америго Веспуччи кім еді? Ол 1454 ж. Флоренцияда дүниеге келіп, қызмет бабымен Севильяға қоныс ауыстырды, ал 1499 ж. оның өмірінде үлкен өзгеріс болды: ол Колумб ашқан жерге қарай Алонсо де Охеданың үйымдастырған саяхатының қүрамына кірді.

Веспуччиді Американы алғаш ашқан адам атағын еш еңбексіз иемденді деп кінәлаушылар болды. Әділетсіз кінәлау! Бүл даңққа Америго Веспуччи ешқашан таласқан емес, атақ оны өзі іздеп тапты.

Веспуччи алғашқы жүзу сапарына 1497 жылы мамыр айында Кадистен шыққандығын және бір айдан кейін Гондурас шығанағының бойындағы Орталық Америка жағалауына жеткендігін баяндады. Содан кейін кеме бултарысы көп жағалау желісін бойлай жылжы-ды. Теңізшілер үндістерден кәкір-шүкірге алтын айырбастап алу үшін жиі-жиі жағаға шығып отыратын. 1498 ж. қазанында қосын Испанияға қайтып оралды.

Америго Веспуччидің сапарлары

Келесі жылы екінші қосынның кемелері Оңтүстік Америка жағалауын бойлай жүзді. Жол бойында олар екі өзенді, Амазонка мен Параны байқады. Веспуччи бірнеше жолдасын қасына алып, бір өзеннің бойымен 100 шақырым жүзіп көрді. Өз хатында ол өзен жағасындағы ит тумсығы батпас ну орманды, үшырасқан құстар мен аңдарды майын тамызып сипаттады. Сосын мұхитжағалаулары мен Тринидад аралы зерттелді. 1500 ж. маусымында саяхатшылар Испанияға қайтты.

1501-1502 ж.ж. Веспуччи үш кемеден тұратын португал қосынымен Жаңа Дүние жағалауларын кезді. Бүл Гонсалу Куэльдің алғашқы жүзу сапары болатын. Ол Веспуччиге штурман міндетін атқаруға қолқа салды. Олар Оңтүстік Америка жағалауының 2 мың шақырымын аралап өтті. Куэльдің алты кемеден түратын екінші жүзу сапарында (1503-1504 ж.ж.) Веспуччи каравелланы басқарды. Олар ашқан Ғибадат аралында үш кеме із-түзсіз жоғалды, біреуі батып кетті. Веспуч-чи өз бетімен Тодуз-ус-Сантус мүйісіне кеме шалдырды және қосынды аралға 250 шақырым сүғына еніп жатқан тау-лы үстіртке бағыттады. Ауқымды жердің жағалауларын бойлай жүзу арқылы Веспуччи оның жаңа құрлық екендігін мойындады. Америгоның өзі осы құрлықты Жаңа Әлем деп атауды ұсынған болатын.

Жерді алғаш айналып шығу саяхаты: Тынық мұхитқа шығу

Тарихта жерді алғаш айналып шыққан португалдық Фернан Магеллан басқарған испандық теңіз жасағы болатын. Оның шынайы есімі Фернан ди Магальяйнш еді. Бул жүзу сапары Жердің шар пішіндес екендігін дәлелдеді.

Магеллан астрономия және навигация бойынша жақсы білім алып шыққан, 20 жасында алғаш рет теңізде жүзген сая-хатшы. Оның өмір жолы әдеттегі конкистадор ретінде өрбіді-Шығыс Африка жағалауындағы және Индостандағы шайқастар, арабтармен болған теңіз қақтығыстары. Португа-лия патшасымен сөзге келісіп қалып, Магеллан Испанияға қоныс аударды. Ол Испания патшасы I Карлосты Мо-лукк аралдары (Дәмдеуіш аралдары) Португалияға емес, Испанияға тиесілі болуы қажет деп иландырды. Оған жету үшін өзіне жақсы таныс шығыс бүғаз жо-лын үсынды.

1519 ж. қыркүйегінде бес кемеден қүралған теңіз қосыны жолға шықты. Қосын Оңтүстік Америка жағалауларына дейін жетті, бірақ пайдасыз өткел іздеу Іәрекеті наурыздың аяғына дейін созылды. Қатты суық пен бо-ран басталғаннан кейін, ержүрек теңізшілер Патагониядағы қыстаққа аялдауға мәжбүр болды.

1520 ж. қазанында кемелер қисапсыз аралдар арасындағы бүралаң және қауіпті жол арқылы көптен күткен бүғазға келіп жетті. Теңізшілер кейіннен мүнда жердің төрт бүрышынан ызғарлы солтүстік желі соғып тұратын дегенді айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *