Астана туралы шығарма: Астана — көркем орда

Астана туралы шығарма: Әсем Астана — ғылым мен мәдениет ордасы

Астана – Қазақтың шуақты болашақ каласы. Қазақ мәдениетінің ошақ ортасы, ғылым және білім ордасы. Қазақ елінің көгілдірлі туы желбіреген  тәуелсіздіктің ордасы. Жас Астананың өсуі — жас елдің жасампаздықка ұмтылысының, халық ойының жаңғыруының өзгеше беолгісіне айналды. Жылдар бойы бабалар арманындағы ұмтылысты шындыққаы айналдырып, бес-төрт шамалы жыл аралығында Астанасын көтерген ел тарихта болған емес.

Қазақ елі жаңа дәуірге, жаңа ғасырға өркениеті ұлы ел бойынша, егемендігін жаңғыртып тарих сахнасына енбек. Қазақ елі әлем қауымдастығының қатарына жеке егемен ұлт болып енді. Қазақ тәуелсіздігінің белгісіндей, жеке ұлттықтың айғағындай, Астананың басында көгілтір ту желбірейді. Осыны біліп сезіну қанаттандырады. Қысқа уақыт аралығында бой көтеріп, көркейген, тәуелсіздіктің түлегі, ел жүрегі — Астана ұлтымыздың егемендігін белгілеп қазақты әйгілетеді. Ел тірегі жастарды болашаққа бағыттаған Астана, жастарға арман қала болып — білімнің, өнердің мәдениетпен ғылымның ордасына айналды.

Астана туралы шығарма: Астана болашақтың ордасы

Алматының ел астанасы ретінде көшуі қала халқының тығыздығы және экологиялық жағдайы әсер еткен. Жаңа астана жасау қолға алынуда елдің жүрегі ретінде Ақмола қаласы таңдалды. Елдің бас қаласын аудару мемлекетті нығайтып, бейбітшілік бағытты қолға алу болды. Ел астанасын алмастыру мемлекет экономикасын нығайтып, дамыту болып табылды. Сонымен 1994 жылдың шілдесінде ел астанасын солтүстіктегі Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылданған.

Әлем елдерімен қатынас үшін де қажетті мәселелер қарастырылып, ел астанасын алмастыру Қазақ елін жаңа егемен мемлекет ретінде танылды. Мемлекеттің қауіпсіздігі жолында, астананың орталықта орналасуы маңызды орын алды. Ел астанасын алмастыру мемлекет экономикасын нығайтып, дамуға бағыттау болып табылды. Жаңа астана Қазақстанда өмір сүретін барлық елдердің ынтымақтығының дамуына әсер ретінде танылды. Астананың халық саны қоныс аударудан кейін 290000 адам болған. Сәулетшілер жаңа ғимарат, зәулімді үйлер, және шағын аудандар салуды қолға аллды.

Ел тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, 1992 жылы қала тарихи Ақмола атауын алды.  Ал 1997 жылдың 10 желтоқсанында Ақмола Қазақстанның Республикасының Ел ордасы болып жарияланған. Ел Астанасы бүгінгі күні жай орталық қала болса, ертеңгіде сонымен қатар мәдениет пен ғылым орталығы болмақ. Астананың гүлденіп жаңғыруы – Қазақстанныңда гүлденіп жаңғыруы. Бүгінгі күнде ел астанасы – талант пен, жігерге толы жастарды ормандарын жүзеге асырудың қол жеткізбеп  қаласы болмақ. Ел ордасы Астана жылдан – жылға гүлдеп көркейе берсін. Астананың көркейуі Қазақ елінің көркеіуі.

Қазақша шығарма эссе: 6 Шілде — Астана күні (Ару қала – Астана)

«Еңселі ел ордасы, көркаейген орда Астана». Бүгінгі күні қазақ осындай сымбатқа толы сөздерді бойға біткен ұлттық сезіммен бой көтеріп мақтанышпен айтуға болады. Себебі, Арқа сылдырай аққан Еркелі Есіл жағалауында бой көтерген көркем Астанамыз бүгінде 14 жасқа келді.

Көркем Астанада салынған әсем ғимараттың бірі — «Пирамиданың» іші ғажайып жай болса сыртыда бір сымбат әлем. «Бәйтеректің»- өзі недеген әсем. Сонымен бірге «Мұз қалашықта» тағы бой көтерген. Орданың бар сымбат ғимараттарын жекелей алғанда бір бірлерін көркемдікте асып тұр. Астананың сөз толтырып айтатын жерлері сансыз екені мәлім. Өйткені, сұлу орданың ел тамашалай, қызықтап бақылайтын жері сансыз. Бұл деген Астананың бар болғаны 14 жыл аралығында жеткен жетістіктері болмақ. Жаһанданудан есен өткен, Астана бүгінгі күні өткір дамуда. Орда жаңа жаңғыруға бағыт алып, барша гүлденуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *